Танымал музыкант, «МузАрт» тобының солисі Сәкен Майғазиевтің төртінші баласы дүниеге келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Әншінің айтуынша, әйелі қыз босанған.
«АЛЛАh — ұлық! Сүйінші! Әділетімнің үш қарындасы бар! Шексіз шүкіршілер мен сансыз мақтаулар бір АЛЛАға болсын! Әр шаңыраққа осындай қуаныш тілейміз.», — деп жазды ол.
АЛЛАh — ұлық! Сүйінші! Әділетімнің үш қарындасы бар! Шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар бір АЛЛАға болсын! Әр шаңыраққа осындай қуаныш тілейміз.
Осыған дейін ақпан айында Сәкен Майғазиев жары Динара Асылханқызының төртінші перзентке аяғы ауыр екенін жариялаған болатын.
Жұптың Әділет есімді ұлы, Райана және Мәриям есімді қыздары бар. Әншінің кенже қызы 2016 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келген болатын. Айта кетейік, Сәкен Майғазиев көпбалалы жанұяда туған. Ол он баланың ішіндегі тоғызыншысы.